"Күнде өтірік айтып келеді" "Байтақ" партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгендер айлықтарын ала алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күнде  өтірік айтып келеді"  "Байтақ" партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгендер айлықтарын ала алмай жүр

"Күнде өтірік айтып келеді" "Байтақ" партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгендер айлықтарын ала алмай жүр

"Байтақ" жасылдар партиясы сайлау кезінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген студенттердің ақшасын бермеген.

  • 15 Мамыр 2023
  • 161
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Байтақ" партиясының әлеуметтік желідегі парақшасына әлдекімдер жаппай "Біздің ақшамыз қайда? Неге күнде өтірікпен тойдырып келе жатсыңдар? "Алла жазаларыңды берсін, студенттердің ақшаларын жегендерің үшін" деген пікір қалдыра бастады. Кейін белгілі болғандай бұлар сайлау кезінде партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген студенттер болып шықты. Алайда, жасаған еңбегіміз үшін көк тиында алмадық, — дейді олар. 

Ақшасын ала алмай жүргендердің бірі — Түркістандық  19 жасар Жанерке Боранбай. 

"Жұмысты бізге бір қыз келіп ұсынды. Арада ешқандай келісім-шарт болмады. Желді, боранды, жаңбырлы  күндері денсаулығымды құртып ауылдарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім.  Тіпті Сайрам ауданынан түнгі 3 те жедел жәрдеммен кеткен кезім де болды.", — дейді ол. 

Десе де еңбегін адал атқарған Жанерке әлі күнге дейін уәде етілген айлығын ала алмай келеді. 


"50 мың теңге береміз деген.  Күнде ертең беремін, арғы күні беремін деп өтірік айтып келеді. Солай жүргендеріне 2 ай өтті. Басшылар бір-біріне жүктеп, сылтау айтып жатыр. Ата-анамызға да не айтатынымызды білмейміз. Заңға жүгінеміз десек, қолдан келсе көріңдер деді. Олар үшін ол ақша емес шығар, бірақ біз үшін бір айлық күн көрісіміздің ақшасы", — дейді Жанерке. 

Сондай-ақ ол өзі секілді ақшасын ала алмай жүрген студенттердің көп екенін айтады. 

"Ақшасын ала алмай жүрген 48-50 студент", — дейді ол.