Отардағы оқиға ұлдары әскерге енді шақырылатын ата-аналарды да дүрлкітірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
«Біз туған-туыстары мен жақындарының, ең алдымен, ұлынан айырылған ата-ананың қайғысын түсінеміз және көңіл айтамыз. Қылмыстық іс аясында арнайы құрылған тергеу тобы болған оқиғаның барлық нұсқасын толығымен қарастырып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырмақ емес», — деді ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік БҰРАМБАЕВ «КАРАВАН» басылымына берген сұхбатта.
Ал 30212 ә/б командирінің көз жұмған Әлібек Қалбайдың жерлеу рәсімі кезінде айтқан сөзі елдің бәрін таң қалдырды.
"22 -сәуірде сапқа тұрғызу кезінде Әлібек соңғы қатарда тұрды. Ол кенеттен барлығының көзінше шалқасынан құлап, асфальтқа желкесін қатты ұрып алды. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Не үшін құлағанын білмеймін. Бірақ бізде күн сайын сапқа тұрғызу кезінде кем дегенде 2-3 сарбаздың басы айналып, есінен танады", — деді полковник Алмас Доспаев.
30212 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Нұралин де өз сарбаздарының неге күнде есінен танып қалатынын білмейді. Оның міндеті қалай болғанда да, жеке құрамды сақтап қалу еді. Әсіресе мерзімді борышын өтеп жүрген сарбаздар арасында жарақатқа, өлімге жол бермеу. Алайда кінә тағу оңай. Істің ақиқатына жету өте қиын. Әскерде мұндай төтенше жағдайлардың қайталануына жол бермеу одан да қиын.
"Біз әділдікті қалаймыз және баламыздың өліміне кімнің кінәлі екенін білу үшін соңына дейін барамыз. Біздің Әлібек тіпті ант қабылдап та үлгермеді. Ол әскерде барғы жоғы 9 күн болып, қайтыс болды", – деді Динара Тілесова.
Әлібектің туыстары оны мәйітханада шығарған кезде сарбзадың қабырғаы, қарны, бұғана тұстарында көгерген жерлер көп болғанын айтады.
Офицерлер мен солдаттар нені жасыруда?
Әлібек Қалбайдың өлімі қарсаңында казармада әскерилер арасында төбелес болды ма, жоқ па, оны тергеу анықтайды. Әскери полиция тарапынан куә ретінде жауап алынған сол 1-оқу ротасының қатардағы жауынгері Айболат А. әзәрге кінәсін мойындамай отыр. Ол 21 сәуір күні кешкісін жерлесі Әлібек Қалбайға «артынан жақындап, қалжыңдап, қатты қысып құшақтап, бірнеше рет көтергенін көрсетіп бірген.
Жауапты офицерлер мен сержанттар мұндай «әзілді» неге дер кезінде көрмеді? Бәлкім, осындай сәтте шара қолдану қажет пе еді?