Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметте бастан аяқ орыс тілінде сөйлеген Мадина Әбілқасымова журналистердің қазақ тілінде қойған сұрағына жауап бергісі келмей, қазақша сөйлем құрай алмай қиналды.
«Ана тілін қашан үйренесіз?», — деген сауалға мүдірген министрдің орнына оның хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті. Хатшысының соңынан ерген министр жақын арада дайындалып, қазақ тілінде сұхбат беретінін айтып сендірді.