Қазіргі заманғы болжамға сәйкес, Құс жолында күңгірт материяның галосы бар. Л. Йорионың есептеуінше, Күн жүйесі галактикалық орталықты айнала қозғалған кезде ол өз галосын осынау тылсым субстанциядан алады. Осы ретте күңгірт материя аспан денелері орбитасының пішініне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Мәселен, Жердің орбитасы созылыңқы пішінге көшеді, итальяндық физиктің айтуынша, оның үлкен жартылай осі жылына шамамен 7 сантиметр жылдамдықпен өседі. Бұл сандар тәжірибе жүзінде байқалып отырған жылына 15 сантиметрге біршама жақын. Ал кіші жартылай ось азая түсуде. Сондай-ақ, Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықтық та азая түспек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today
Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.