Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, деп жазады Sputniknews.kz.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.