“Құны 50 миллион”: Айгүл Елшібаева қазақ тарихындағы ерекше сәукеле туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Құны 50 миллион”: Айгүл Елшібаева қазақ тарихындағы ерекше сәукеле туралы айтты

“Құны 50 миллион”: Айгүл Елшібаева қазақ тарихындағы ерекше сәукеле туралы айтты

Әнші Айгүл Елшібаева ертеректегі қазақ байлары туралы сөз қозғады. 

  • 23 Сәуiр
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесінің сөзіне сенсек, суреттегі сәукеленің құны 50 миллион теңгені құрайды.


“Бұл сәукеленің бағасы 100 аттың құнымен тең . Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады.

Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. 

Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайыкжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар, 

Жағалбайлы жиналса ,

Дербісәліні мақтайды -, деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шықққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған.

Ол кезде 100 қойы бар адам кедей саналған. Бай деп 1000 қойы , жылқысы бар адамды айтқан. 

Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада осы сәукеле сақтаулы тұр”, — деп жазды ол желідегі парақшасында.