Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Құран адамның сыртын емес, ішін түзеу үшін…Арабтың ұлттық киімі ешқандай да Құдай міндеттеген діни киім емес! Құранда «әуретті жеріңді (к@ді) жауып жүр» дегеннен басқа, киімге қатысты түк те жоқ… оранып, бүркеніп, қап киіп, қара жамылып жүр деген жоқ… керісінше, «біз сендерді әртүрлі қауымға (ұлтқа) бөлдік» дейді… демек, әр ұлттың өз ерекшелігі болуын Құдай қалады… демек, әр ұлттың киімі де ерекше болуы заңды…. ал қазақта ұлттық ерекшелікпен қатар, әр жүздің, әр рудың киімінде өзін айқындап тұратын ерекшеліктер болған», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.