Курчатов әкімі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курчатов әкімі көз жұмды

Курчатов әкімі көз жұмды

Алмас Аманқолұлы Оңдақанов ұзақ уақыт бойы аурумен күрескен. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды.

  • 14 Сәуiр 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

"Өкінішке қарай, Алмас Аманқолұлы ұзаққа созылған сырқатынан кейін 45 жасқа қараған шағында көз жұмды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Курчатов әкімдігінен.

Алмас Оңдақанов еңбек жолын 1995 жылы бастады. Сол кезде ол Ақжар ауылында Тарбағатай аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.

Кейін әртүрлі жылдары ШҚО сыртқы экономикалық байланыс басқармасы хаттама бөлімінің басшысы, Курчатов әкімі аппаратының басшысы, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.


Алмас Оңдақанов Курчатов әкімі болып 2017 жылдың наурызында тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар