Л.Птицкаяның ақпартына сәйкес, конференцияға 33 ауызша және 43 стендтік баяндамалар жасау жөнінде өтінім келіп түскен. Бұл жұмыстарды Қазақстан, ТМД және алыс шетелдік ғалымдар жолдап отыр.
Бас қосуда Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиоэкология және Семей аймағы мен Қазақстанның басқа да аймақтарында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы ғылыми зерттеулері мен институттың 10 жылдық іс-қызметіндегі жетістіктер атап өтілді.
Конференция аясында ғылыми-зерттеу реакторы, атом көлі мен полигон мұражайына, сондай-ақ, сынақ алаңына экскурсия жасау межеленген.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының 10-жылдық іс-қызметіне арналған бұл конференция 8-9-қазанға дейін жалғасады.