Курчатовта Семей полигонындағы зерттеулердің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курчатовта Семей полигонындағы зерттеулердің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

Курчатовта Семей полигонындағы зерттеулердің 10 жылдығына арналған халықаралық конференция басталды

Бүгін, 7-қазанда Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының радиациялық қауіпсіздік және экология институтында "Семей сынақ полигоны : радиациялық зерттеулер және қару таратпау проблемалары" деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Бұл туралы институт директоры Лариса Птицкая хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 655
Фото - Caravan.kz

Л.Птицкаяның ақпартына сәйкес, конференцияға 33 ауызша және 43 стендтік баяндамалар жасау жөнінде өтінім келіп түскен. Бұл жұмыстарды Қазақстан, ТМД және алыс шетелдік ғалымдар жолдап отыр.

Бас қосуда Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының радиоэкология және Семей аймағы мен Қазақстанның басқа да аймақтарында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы ғылыми зерттеулері мен институттың 10 жылдық іс-қызметіндегі жетістіктер атап өтілді.
Конференция аясында ғылыми-зерттеу реакторы, атом көлі мен полигон мұражайына, сондай-ақ, сынақ алаңына экскурсия жасау межеленген.
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының 10-жылдық іс-қызметіне арналған бұл конференция 8-9-қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар