«Елімізде жоғары технологияларды дамытуға баса назар аудару қажеттігі турасында мен өз жолдауымда айтқанмын»,- деді Н.Назарбаев. Осы орайда ол республикамызда әр бағыттағы бірнеше техносаябақтың салынатынын, соның ішінде ақпараттық және биологиялық технологияларға қатысты техносаябақ та бар екенін атап өтті. Ұлттық ядролық орталықтың жанындағы техносаябақ ядролық технологиялармен, соның ішінде осы саладағы өнімдер өндірумен айналысатын болады.
«Орталықта зерттелетін ядролық қауіпсіздікке қатысты аса нәзік технологиялар мен ғылыми және инженерлік маманар дайындау- міне, осының бәрі де елімізде ядролық станция салуға әзірлік жұмыстары болып табылады. Бұл мәселе көптен бері күн тәртібінде тұр»,- деді мемлекет басшысы.