"Курьерге қол жүгірткен": Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.16
  • 588.48
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Курьерге қол жүгірткен": Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті

"Курьерге қол жүгірткен": Алмас Кішкенбаевтың ісі сотқа түсті

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Алмас Кішкенбаев есімді 40 жастағы ер адам жасөспірім ұлға тиіскен.

  • 3 Ақпан
  • 14
Фото: arnapress.kz

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты танымал әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі өндіріске қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Әшкере телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сүйенсек, өнер иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша айып тағылып отыр. 

Алғашында істі 31 қаңтарда қарау жоспарланған. Алайда жәбірленуші тараптың (кәмелетке толмаған баланың әкесі мен заңды өкілі) уақыт сұрауына байланысты сот отырысы кейінге шегерілген екен. Жаңа отырыс бүгін, 3 ақпанға белгіленді.

Кішкенбаев не үшін айыпталып отыр?

Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға тиісу және айналасындағыларды сыйламау, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу” ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 78 640 теңге) көлемінде айыппұл немесе 5-15 тәулік аралығында қамауға алу жазасы қарастырылған.

Айыптаудың мәні неде?

Бұған дейін желіде Алмас Кішкенбаевты полицияға әкеткені туралы ақпарат тараған еді. Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, оған қатысты “кәмелетке толмаған балаға тиісу” дерегі бойынша шағым түскен. Істің мән-жайын енді сот анықтайды.

Алмас Кішкенбаев – қазақстандық эстрада әншісі, 2000-жылдардың басында Superstar KZ жобасының тұңғыш маусымында (2004 жылы) жеңіске жетіп, танымалдылыққа ие болған. 

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Алмас Кішкенбаев есімді 40 жастағы ер адам жасөспірім ұлға тиіскен.

“Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген. Ер адамның есімі Алмас Кішкенбаев”, – деп жазды журналист Telegram парақшасына.

Полиция департаменті мұны жоққа шығармады.