Күрес: Астанадағы Олимпиадалық іріктеу жарысында қазақстандық А.Таңатаров алғашқы күміс жүлдені олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күрес: Астанадағы Олимпиадалық іріктеу жарысында қазақстандық А.Таңатаров алғашқы күміс жүлдені олжалады

Күрес: Астанадағы Олимпиадалық іріктеу жарысында қазақстандық А.Таңатаров алғашқы күміс жүлдені олжалады

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу жарысында қазақстандық Ақжүрек Таңатаров күміс жүлдеге ие болды.

  • 31 Наурыз 2012
  • 400
Фото - Caravan.kz

66 келіде өнер көрсететін жерлесіміз шешуші белдесуде өзбек Ихтиор Наврузовтан жеңіліп қалды.

Бүгін А. Таңатаров финалдық теке-тіреске жету жолында қытайлық Катаи Ерланбиекемен, екінші кездесуде үндіс Кумар Шишилмен боз кілемге шығып, екеуін де ұтқан болатын. Дегенмен, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақтық сындағы жеңілісіне қарамастан, Ақжүрек Лондон жолдамасын еншіледі.