"Құрмет орденін алғаныңды қайтейін, әке болып балаңа қарай алмасаң": Үкіметтен атақ алған Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласының басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрмет орденін алғаныңды қайтейін, әке болып балаңа қарай алмасаң": Үкіметтен атақ алған Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласының басы бәлеге қалды

"Құрмет орденін алғаныңды қайтейін, әке болып балаңа қарай алмасаң": Үкіметтен атақ алған Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласының басы бәлеге қалды

Танымал мобилограф, Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласы "Құрмет" орденін алды.

  • 15 Шiлде
  • 340
Фото - Caravan.kz

Десе де, халық оның бұл атаққа лайық емес екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Орден алғаны үшін, елдің жаппай сынына ұшыраған танымал мобилографқа депутат Дәулет Мұқаев қолдау көрсетті. Ол халықты көре алмаушылықтан ада болып, керісінше бірігуге шақырды.

«Соңғы күндері әлеуметтік желіге аз кіріп жүрген жайым бар. Десе де, бірнеше парақшадан Қыран Талапбектің Мемлекеттік награда — «Құрмет» Орденімен марапатталғанын байқап қалдым. Шынымды айтсам Қыран үшін өте қуаныштымын. Ал кейбір іші тар адамдар үшін көңілім түсті. Пікірлерді оқып, «біз өзі қандай қазақ болып кеттік» деп терең ойға батасын. Ниетіміз бұзылмасын. Мойындайықшы, елге «мобилография» деген ұғымға жаңа леп, жаңа серпіліс әкелген осы ЖІГІТ. Өзі көптеген адамға үйретіп, үлкен еңбек жасауда! Команда жинап, онымен жұмыс істеудің өзі жеке еңбек.

100 мыңға жуық жас осы мобилография арқылы өз нәпақасын тауып, отбасын асырап жүрген жайы бар. Әсерлі кадр, әдемі монтаж, шынайы эмоцияларды видеоға алу, оны көрсету де үлкен өнер. Қыранмен мен мүлде жақын таныс емеспін. Бірақ әрдайым тілекшімін. Мемлекеттік деңгейде ҚАЗАҚСТАН имиджін видеолар арқылы көрсетіп, Президенттің өзін түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Көптеген ел басшылары біздің мобилография деңгейіне қызығушылық танытуда. Ендігі қызықты қараңыздар, менің естуімше оған Әзірбайжанның миллиардері, Малайзия королі, Біріккен Араб әмірлігі елдері тараптарынан небір ұсыныстар, алпауыт компаниялардан жұмысқа шақырулар келіп жатыр. Қазақ баласына әлемдік деңгейде сұраныстың артқаны қандай жақсы?!

Қыранның 1.1 миллион оқырманы бар парақшасына кіріп едім, мына суреттерді салмаған екен. Шамасы хейттен қорықса керек. @kyran_talapbek көреалмайтындардың пікірінен, сөзінен қорықпа. Тек алға баса бер. Атың затыңа сай болып, ҚЫРАНДАЙ қарыштай бер. Қанатың талмасын. Менің ойымша, сен бұл марапатқа әбден лайықсың. Қазақ баласы өсіп жатса, қуанайық! Артқа тартуды қояйық, сеніммен қарайық. Осындай жастармен мақтанайық!», — деп жазды ол.

Десе де, көпшілік бәрібір оны бұл атаққа лайық көрмеген. Олар сыни пікірлерін жаппай жазып жатыр.