Күрт жылынған күн Көкшетау мен Қостанайды көктайғаққа айналдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күрт жылынған күн Көкшетау мен Қостанайды көктайғаққа айналдырды

Күрт жылынған күн Көкшетау мен Қостанайды көктайғаққа айналдырды

Еліміздің солтүстік пен шығысында қыс қаһарына мінді! Сарышұнақ аязға байланысты Семей мектептерінде бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтаса, солтүстікте ақтүтек боран мен жаңбыр қатар араласып, жолдар көктайғаққа айналған. Салдарынан Қостанайда қатынас қиындап, жұрт діттеген жеріне жете алмады. Аяқ-қолын сындырып дәрігер көмегіне жүгінгендер саны да артқан. Ал боран саққан аудандарда жол жабылды.   

  • 24 Қараша 2015
  • 233
Фото - Caravan.kz

Көкшетауда түске дейін толассыз жауған жаңбыр жолдарды көк мұзға айналдырды. Жүріп-тұруы қиындаған жұрт коммуналшыларға өкпелі. Айтуларынша, олар жолға құм мен тұз сеуіп үлгермеген. Сондықтан қоғамдық көліктер көктайғақта жүруден бас тартыпты. Ал тұрғындар діттеген жеріне жете алмай кешіккен.

Күлзия Зекенова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Міне келе жатырмыз ақырын ақырын. Жұмысқа жету керек. кешке қарай автобус болмайды дейді. Кішкене құм  ақырын кісілер жұмыс істесе, тіршілік жасаса дұрыс болар еді. Енді міне, кісілер анадан құлап жатыр, мынадан құлап жатыр.

Қостанай көшелері де дәл осылай мұз айдынына айналған. Көктайғақта тайып жығылып, аяқ-қолын сындырғандар көп. Тек түске дейін 35 адам ауруханаға жеткізіліпті. Мұнда да қоғамдық көлік шықпай, тұрғындар бүгін әбден қиналды. Ал Семейде керісінде, бет қаратпайтын үскірік аяз. Температура күрт төмендеп кеткендіктен тіпті мектептерде сабақ тоқтатылды.

Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

-Ауа температурасы -28 градус және желдің жылдамдығы 2 метр секундты құрады. Сондықтан бүгін 1-4 сыныптар сабаққа барған жоқ.

Алдағы күндері, шығыс жұрты да Көкшетау мен қостанайлықтардың кебін киуі ғажап емес. Себебі, Оңтүстіктен ығысатын жылы ауа қалың қарды ерітіп, көктайғаққа айналады-деп болжап отыр синоптиктер.

Соңғы жаңалықтар