Күртік қардан 5 көлік пен 10 адам шығарылды
Солтүстік Қазақстан облысында жексенбі күні сағат 13:40-та Айыртау ауданындағы «Арықбалық-Саумалкөл» тас жолында 5 көлік пен 10 адам, соның ішінде екі баланың күртік қарда қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің (3 адам мен 1 техника бірлігі) күшімен ішінде адамдар отырған көліктер қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін