Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.18
  • 570.66
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Президент кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

  • 6 Сәуiр
  • 3
ФОТО: Ақорда Telegram

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.