ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Астанада 3-5 қараша аралығында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді. Қазақстан жағынан үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова болып табылады. Кувейт тарапынан тең төраға — Кувейт Мемлекеті Қаржы министрінің бірінші орынбасары Халифа Мусаид Хамада.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы экономикалық саладағы дамудың перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ сауда-инвестициялық және қаржы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау көзделуде. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің презентациясы өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті