Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері Эль-Кувейт-Астана бағытында тікелей рейс ашпақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері Эль-Кувейт-Астана бағытында тікелей рейс ашпақ ниетте

Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері Эль-Кувейт-Астана бағытында тікелей рейс ашпақ ниетте

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері Эль-Кувейт-Астана бағытында тікелей рейс ашпақ ниетте. Эль-Кувейт пен Астана арасында ұшақ 4 сағат ұшады деп күтілуде. Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері елімізге келіп келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігі мен Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Лама Шариф Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысының ашылуы алдында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 568
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Астанада 3-5 қараша аралығында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді. Қазақстан жағынан үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова болып табылады. Кувейт тарапынан тең төраға — Кувейт Мемлекеті Қаржы министрінің бірінші орынбасары Халифа Мусаид Хамада.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы экономикалық саладағы дамудың перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ сауда-инвестициялық және қаржы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау көзделуде. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің презентациясы өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар