Кувейттің азаматтық авиациясы саласының өкілдері Эль-Кувейт-Астана бағытында тікелей рейс ашпақ ниетте

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Астанада 3-5 қараша аралығында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтеді. Қазақстан жағынан үкіметаралық комиссиясының тең төрайымы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова болып табылады. Кувейт тарапынан тең төраға - Кувейт Мемлекеті Қаржы министрінің бірінші орынбасары Халифа Мусаид Хамада.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы экономикалық саладағы дамудың перспективалары мен қазіргі жағдайы, сондай-ақ сауда-инвестициялық және қаржы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау көзделуде. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің презентациясы өткізіледі.