Кузбасс шахтерлары Шахтинск қаласында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кузбасс шахтерлары Шахтинск қаласында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетті

Кузбасс шахтерлары Шахтинск қаласында қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетті

Кузбасс шахтерлары "Шахтинск" көмір кенішіндегі жарылыс салдарынан қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Испат-Кармет" АҚ көмір департаментінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Вячеслав Сидоров хабарлады.

  • 20 Қаңтар 2005
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, көмір кенішінде 2004-жылдың 5-желтоқсанында болған жарылыстан 23 шахтер мерт болған. Қаза тапқан кеншілер отбасылары көмір департаментінен материалдық көмек алды. Сонымен бірге қалаған әр адам қаржы аудара алатын қайырымдылық есепшоты ашылған.

В.Сидоровтың айтуынша, қазіргі жағдаймен есепшотқа 4 млн. 375 мың теңге, соның ішінде Кузбасс шахтерларынан 1 млн. 390 мың теңге келіп түсті.
Бұл қаржыны тарату үшін құрамына шахтерлардың жесірлері енген арнаулы комиссия құрылды. Комиссияның шешімі бойынша қаза тапқан әрбір шахтердың отбасына 167 мың теңге берілді. Жарылыс кезінде зардап шеккен шахтерларға да осыншама қаржы төлеу туралы шешім қабылданды. Атап айтсақ, жарылыс салдарынан денесінің 70 проценті күйікке шалдығып күні бүгінге дейін ауруханада ауыр жағдайда жатқан Анатолий Худолежевтің отасына да жәрдемақы беріледі. Сонымен бірге қаза тапқан бір шахтердың 1-ші топтағы мүгедек анасына 40 мың теңге берілді.

Перейти к новостям спорта