Жарияланды: 490

Күзде Нью-Йоркте АӨСШК сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтеді

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Кеңестің ағымдағы қызметіне тоқталған тараптар іс басындағы төраға – Түркияның биыл күзде Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблеясының кезекті отырысының алаңында АӨСШК-тің бейресмі СІМК өткізу туралы ұсынысын қарап, талқылады», - делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы АӨСШК бастамасы дамып жатқанын, (…) мұны процесті БҰҰ-ның қамқорлығымен Орталық Азиядағы терроризммен күрес, Ауғанстан бойынша жұмыс топтарына, ЕҚЫҰ-ның превентивті дипломатия және қақтығыстардың алдын алу жөніндегі жұмыс тобына енгізуі дәлелдейді. Кездесу барысында Е.Қазыханов Ч.Алдемирді 28-30 маусымда Астанада өтетін ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібімен таныстырды, ол «Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму» ұранымен өтеді. «ИКҰ-ға мүше-мемлекеттердің министрлері Ұйымның орнығуы мен дамуы үшін тарихи мәнге ие болатын шешімдер қабылдайды», - деді ҚР СІМ басшысы. АӨСШК-е Азия құрлығының 24 мемлекеті мүше, 8 мемлекеттің бақылаушы мәртебесі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін