Күзде Нью-Йоркте АӨСШК сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзде Нью-Йоркте АӨСШК сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтеді

Күзде Нью-Йоркте АӨСШК сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтеді

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) атқарушы директоры Чинар Алдемирді қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 22 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Кеңестің ағымдағы қызметіне тоқталған тараптар іс басындағы төраға – Түркияның биыл күзде Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблеясының кезекті отырысының алаңында АӨСШК-тің бейресмі СІМК өткізу туралы ұсынысын қарап, талқылады», — делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы АӨСШК бастамасы дамып жатқанын, (…) мұны процесті БҰҰ-ның қамқорлығымен Орталық Азиядағы терроризммен күрес, Ауғанстан бойынша жұмыс топтарына, ЕҚЫҰ-ның превентивті дипломатия және қақтығыстардың алдын алу жөніндегі жұмыс тобына енгізуі дәлелдейді.

Кездесу барысында Е.Қазыханов Ч.Алдемирді 28-30 маусымда Астанада өтетін ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібімен таныстырды, ол «Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму» ұранымен өтеді.

«ИКҰ-ға мүше-мемлекеттердің министрлері Ұйымның орнығуы мен дамуы үшін тарихи мәнге ие болатын шешімдер қабылдайды», — деді ҚР СІМ басшысы.

АӨСШК-е Азия құрлығының 24 мемлекеті мүше, 8 мемлекеттің бақылаушы мәртебесі бар.

Соңғы жаңалықтар