Күзде Қазақстанда дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді - ҚР ЭМРМ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзде Қазақстанда дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді - ҚР ЭМРМ

Күзде Қазақстанда дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді - ҚР ЭМРМ

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Күзде Қазақстанда дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Тамыз 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Күзгі егін жинау науқаны кезінде ай сайын 1 млн тонна мұнай өңделіп, дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді. Ал ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің сұранысы айына 130 мың тонна», — деді Б. Ақшолақов.

«Яғни, жеткізілім қоры науқан кезінде сұраныстан үш есе артық», — деді ол.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың шілде айында үш мұнай өңдеу зауытынан 123 мың тонна дизельдік отын жеткізу жоспары бойынша 97,5 мың тоннасы жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар