"Күзгі егін жинау науқаны кезінде ай сайын 1 млн тонна мұнай өңделіп, дизельдік отын өндірісі айына 300 мың тоннаға жетеді. Ал ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің сұранысы айына 130 мың тонна", - деді Б. Ақшолақов.
"Яғни, жеткізілім қоры науқан кезінде сұраныстан үш есе артық", - деді ол.
Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың шілде айында үш мұнай өңдеу зауытынан 123 мың тонна дизельдік отын жеткізу жоспары бойынша 97,5 мың тоннасы жіберілген.