Күзден бастап металл мен құрамында алтыны бар шикізатты сыртқа шығаруға тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзден бастап металл мен құрамында алтыны бар шикізатты сыртқа шығаруға тыйым салынады

Күзден бастап металл мен құрамында алтыны бар шикізатты сыртқа шығаруға тыйым салынады

Күзден бастап қара металдар мен құрамында алтыны бар  шикізатты шығаруға тыйым салу туралы шешім күшіне енбек. 

  • 20 Тамыз 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Сонымен бірге мұнай секторындағы секілді 1 қазанға дейін төмен рентабельді тау-кен секторының кәсіпорындары үшін Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендету ұсынылады. Қара металдар мен құрамында алтыны бар  шикізатты шығаруға тыйым салу туралы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін шешім даярланды»,-деді Б. Сағынтаев.

Оның сөзіне қарағанда, осы арқылы ішкі тұтыну көлемі шикізатпен толық қамтамасыз етіледі.  «Алтын бойынша 30 тоннаға дейін аффинажды алтынды шығару өнімін көтере аламыз»,-деді Б. Сағынтаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мұнай-газ секторы бойынша мұнай өндіруді елеулі көлемде төмендетуге жол берілмейтіндігін жеткізді.


«Біз «Kazenergy» қауымдастығымен бірлесе мұнай-газ өндіруші 57 компанияға тыңғылықты талдау жасап, оның қорындысы бойынша төмен рентабельді 39-ы іріктелінді. Енді осы 39-ына қатысты Пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендету жоспарланып отыр»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар