"Күзетшіні скотчпен байлаған". Астанада үш ер адам сауда орталығына кірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күзетшіні скотчпен байлаған". Астанада үш ер адам сауда орталығына кірмек болды

"Күзетшіні скотчпен байлаған". Астанада үш ер адам сауда орталығына кірмек болды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 143
Фото - Caravan.kz

Елордалық полицейлер "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы сауда орталығындағы күзетшіге шабуыл жасалған қылмыстық әрекетті әшкереледі, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі астаналық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Полицияға жеке күзет фирмасының қызметкері хабарласып, түнгі 01:30 шамасында белгісіз біреулер күш қолданып, күзетшіні скотчтап тастағанын айтқан. Осылайша олар сауда орталығының аумағына кірмекші болған. Қаскөйлер күзетшінің жолға алып жүретін жеңіл радиостанциясын алып кеткен", — делінген хабарламада. 

Елордалық ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері "Сергек" видеожүйесі арқылы қарақшылық шабуыл жасағандар тобын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Олар Жамбыл облысының 21-23 жас аралығындағы тұрғындары. Олар сауда орталығынан тонауды көздегендерін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Қарақшылық" бабы бойынша жүріп жатыр", — деді ІІД өкілдері. Полицейлер олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Айта кетейік, 2017 жылы 15 қыркүйекте Астанада "Сергек" видеожүйесі арқылы түсірілген жол қозғалысы ережесін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту акциясы басталған еді. 
 

Соңғы жаңалықтар