Күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Алматы облысынан 1000 бозбала ҚР қарулы күштері қатарына алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Алматы облысынан 1000 бозбала ҚР қарулы күштері қатарына алынады

Күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Алматы облысынан 1000 бозбала ҚР қарулы күштері қатарына алынады

Күзгі әскер қатарына шақыру науқанында Алматы облысынан 1000 бозбала ҚР қарулы күштері қатарына алынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Темір Мәукебаев хабарлады.

  • 27 Қазан 2004
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 27-қазанда облыста 100 адам әскери борышын өтеуге шақырылды. Т.Мәукебаевтың айтуынша, жаңадан әскерге шақырылған сарбаздар алғашқы 5 айда «Отар» бөлімшесінде әскери мамандықтарға машықтанады. Бұдан кейін олар еліміздің басқа аймақтарындағы әскери бөлімшелерге жолдама алады.

Ал әскери комиссиялар құрамындағы дәрігерлердің мәліметіне жүгінсек, шақырылушылардың небәрі 60 проценті ғана әскери қызметке лайық. Жастар арасында, дәрігерлердің айтуынша, аллергия және салмақ жеткіліксіздігі секілді ақаулар жиі кездесуде. Ал бұрындары жастар арасында қазтабандық және арқа омыртқасының қисаюы тәрізді аурулар кеңінен таралған болатын.

Перейти к новостям спорта