Құжатсыз, сауатсыз, мектеп көрмей елімізде әлі қанша бала жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құжатсыз, сауатсыз, мектеп көрмей елімізде әлі қанша бала жүр?

Құжатсыз, сауатсыз, мектеп көрмей елімізде әлі қанша бала жүр?

2024 жылдың басында 105 баланың мектепке бармағаны анықталған.

  • 4 Қараша
  • 40
Фото: Гүлмира Әбіқайдың жеке парақшасынан алынған

Журналист Гүлмира Әбіқай «Дау-дамайсыз» бағдарламасында құжатсыз сауатын аша алмай жүрген балалардың жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қонаев қаласына қарасты 14 мың оқушы бар. Енді олардың қатарына әпкелі-сіңілі 2 қыз қосылды.

Анасы құжатсыз ұзақ жылдар тау-тасты аралап жүрген. Әкесі 2-ші қызға ай толмай қайтыс болады. Содан қайнысы әмеңгерлікке аламын деп Шымкенттен қашып келдім дейді екі қыздың анасы. Бие сауды, сиыр сауды, бір фазендадан екіншісіне көшіп жүре берген. Кетейін десе қожайын: үшеуіңде де құжат жоқ, ауылға түссең қыздарыңды балалар үйіне алып кетеді деп қорқытты дейді өзі. Екі қыздың жасы 10-11 де.

«Білмеймін, өзіне де сөзіне де сенбедім бірақ. Қыздарға жаным ашыды, сонда қойлы ауылда селтеңдеп жүрген 2 қызды көрген ешбір адам мыналар сабаққа неге бармай жүр деп жаны ашымағаны-ау», — дейді журналист.

Балаларды айтамыз, ересектер де қатыгез болып кеттік. Жанашырлық жоқ.

Қысқасы екі қыз толық киініп, оқу-құралдарын алып, мектеп партасына отырды. Құжаттарын полиция қызметкерлері даярлап жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың басында 105 баланың мектепке бармағаны анықталған. Көп жағдайда балалардың мектепке бара алмауы — құжатсыз қалуының кесірінен. Мигранттар немесе құжаттары реттелмеген ата-аналары бар отбасында дүниеге келген балалар осылайша білім алма алмайды, сонымен қатар әлеуметтік көмекке де жүгіне алмайды.

Елімізде осындай қиын жағдайға тап болған балаларға қандай көмек көрсетіледі?

Біріншіден, құжатсыз қалған балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы мейімдеу орталықтары жұмыс (ЦАН, ЦПД) істейді.

Екіншіден, мигрант балалар мен олардың отбасыларына құжаттарын рәсімдеуге көмектесу үшін кейбір үкіметтік емес ұйымдар, мысалы «Сана сезім» заңдық және әлеуметтік кеңестер береді.

Үшіншіден, Білім министрлігі мектепке бармайтын балалардың құжаттарын реттеу мақсатында ата-аналармен және әлеуметтік қызметтермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қажет болған жағдайда министрлік жергілікті әкімшілікпен бірлесіп балаларға құжаттарын реттеуге көмектеседі. Тым болмағанда, журналистер мен қоғам белсенділерінің жан-айқайынан соң реттеліп жатады.