Құзырлы органдар тарапынан қыспаққа алынған "Не молчи" қоры жабылуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құзырлы органдар тарапынан қыспаққа алынған "Не молчи" қоры жабылуға мәжбүр

Құзырлы органдар тарапынан қыспаққа алынған "Не молчи" қоры жабылуға мәжбүр

Қордың жабылуы кімге тиімді?

  • 2 Желтоқсан 2024
  • 11
Фото: instagram.com/nemolchikz_official

Белгілі «Не молчи кз» қоры жабылуға жақын. Қордың әлеуметтік желідегі парақшасында ел тұрғындарына арналған жазба пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл мәселені жасырмай, шындықпен бөлісуді жөн көрген қор жетекшісі құзырлы органдар тарапынан қыспаққа алынғанын жеткізді.

«ҚР ІІМ тарапынан заңсыз қудалауға қарсы жұмыс істеп жатқанымызға бір жыл болды. Бүгінгі күні қордың барлық карталары мен есепшоттары бұғатталған. PayPal — ға кіре алмаймыз. Қазақстандық және Грузиялық карталарымызды жауып тастады. Қараша айынан бастап Черногория карталары да бұғатталды», — деп жазылған қордың парақшасында.

Қор биыл да әдеттегідей өте жемісті жұмыс атқарды. 20000- нан астам өтініш қабылдап, қордың сенім телефондарына түскен өтініштер бойынша тегін консультатция өткізді. 1500-ден астам іс ЖТӨ-ге тапсырылды, және бірлесіп шешті.

Биыл қордың атқарған жұмысының нәтижесінде 41 қылмыскер аса ауыр қылмыстары үшін сотталды, оның 32-сі балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша.

«Біз осы жыл шыдап, қалай болса да аяқтауға жақынбыз. Алайда әрі қарай шыдай алар емеспіз. Сол себептен меценаттар мен демеушілерге жүгінуге мәжбүрміз. Біздің жұмысысызды қаржыландыру өте маңызды. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер адвокат іздеп, оны жалдау үшін қайда барады? Зорланған балалардың ата-аналарына кім көмектеседі? Сізден қолдау мен көмек сұраймыз!

Қордың бюджеті айына 5 000 000 теңге. Қор бюджетті қамтамасыз етуге көмектесетін меценаттарды іздейді, тым болмаса бірнеше айға. Біз берілмейміз. Бірақ мәселе бар және оны шешу керек. Бізге қажет қаражат көп емес, оны жинау мүмкін. Қордың жұмысын қазір қамтамасыз ете алмасақ, жабылуға мәжбүр боламыз.

Әрине, қорды әлдеқашан жауып тастай алатын еді. Алайда сағат сайын, күн сайын бізге келіп түсетін өтініштерге есеп жоқ. Көмек сұрап бізге жүгінетін азаматтардың қолын қайтара алмайыз», — деп жазылған қордың парақшасында.

Айта кетейік, “Не молчи” қорының негізін қалаушы Динара Тансари (Смаилова) құқық қорғау органдары тарапынан жалған ақпарат тарату, қаржылық алаяқтық және қорда жиналған қаражатты жеке мақсатта пайдаланды деп айыптауда. Тансари жәбірленушілерге қолдау көрсету үшін жиналған ақшаны заңсыз қолданды деп күдіктелуде.

ІІМ бірнеше нақты мысал келтірді, мысалы, кейбір зорлық-зомбылық оқиғалары туралы жарияланымдар расталмағанын және шындыққа жанаспайтынын айтады. Сонымен қатар, Смаилованың шотына түскен қаражаттың бір бөлігі оның жеке шығындарына жұмсалғаны анықталған.

Динара Тансари бұл айыптарды жоққа шығарып, қудалаудың саяси астары бар деп мәлімдеді. Ол құқық қорғау органдарын әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықты ашық сынға алғаны үшін қыспаққа алынғанын айтып, Қазақстан президентіне үндеу жолдаған еді.

Перейти к новостям спорта