КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ

КВИ-дің қазіргі штамы аса қауіп төндірмейді – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті коронавирус инфекциясы бойынша жағдайға түсінік берді.

  • 27 Тамыз
  • 3
Фото: Pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«SARS-CoV-2 вирус айналымын мониторингілеу нәтижесіне сәйкес, Омикрон түрінің айналымы жалғасып жатыр. Оның басым бөлігі JN.1 нұсқасына келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына қарағанда, JN.1 коронавирус штамы қоғамдық денсаулық сақтау үшін қауіп төндірмейді. Жұқтыру деңгейі жоғары болғанына қарамастан, бұл аурудың осы штамына шалдыққан науқастар оны жеңіл еңсеріп жатыр», — делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Таяуда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті КВИ-ге қатысты ел арасында тараған алып-қашпа сөзді жоққа шығарды. 

Тамыз айының орта кезінде министрлік КВИ бойынша жағдай бақылауда тұрғанын және мониторинг жүріп жатқанын жариялады.