"Күдіктілердің жартысы бостандықта жүр": Алматы облысында сыра үшін қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күдіктілердің жартысы бостандықта жүр": Алматы облысында сыра үшін қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі үндеу жасады

"Күдіктілердің жартысы бостандықта жүр": Алматы облысында сыра үшін қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің әкесі үндеу жасады

Алматы облысы Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам жасөспірімді өлтіріп кеткен еді. Олар кәмелет жасына толмаған балаға, оның әкесі мен ағасына шабуыл жасаған. Марқұмның отбасы ұлының өліміне кінәлілердің түгел жазалануын сұрап отыр.

  • 8 Қазан
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұм Шерзаттың отбасы кісі өлтіруге қатысқандардың барлығын ұстап, жазалауды талап етеді. Бүгін оның әкесі мәлімдеме жасады.

“Мен – кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың әкесімін. Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловқа арызданамын. Кісі өлгеннен бері аудан билігі әрекетсіздік танытып, жұмысты кейінге қалдырып отыр. Олар тіпті баламның аты-жөнін де білмейді… Түн ортасында телефон соғып, өзімізді қорқытып, арыз жазуға мәжбүрлейді. Сондықтан әділ тергеуді сұраймын», – деді марқұмның әкесі.

Марқұмның әпкесі Бақыт Реймова полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмағанын айтты.

«Олардың барлық қылмыскерлерді ұстап, бізге көрсеткенін қалаймыз. Бізді теледидарға шақырып жатыр. Егер резонанс жасамасақ, бізді ешкім естімейді. Інім әскери қызметкер болғысы келді. Қаншама армандары ішінде өзімен бірге кетті. Сондай өкінішті жағдай. Бұлай болмауы керек еді», – деді ол.

Туыстарының айтуынша, Талғардағы төбелеске кемінде 13 адам қатысқан. Алайда полиция 7 адамды ғана ұстапты.