Бүгінгі сотта күдіктінің қорғаушысы Шерзат Полаттың анасы Гүбара Бишембиеваны сотқа қайта шақыруды сұрады , -деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Бишембиеваның сот отырысында берген жауабы мен беттестіруде берген жауабы бір-біріне сәйкес келмейді. Сол себепті сот отырысына қайта шақырып, жауап алуды сұраймыз», — деді қорғаушы Баймұханова.
Тараптар жәбірленушіні қайта жауап алуға қарсы емес
Сот отырысында тараптар марқұм Шеразт Полаттың анасын, жәбірленушіні қайта жауап алуға шақыруға қарсылық білдірмеді. Бұл — қылмыстық істі тереңірек зерттеу қажеттігін көрсетеді.
Жәбірленушілерді сот залына жеткізуді ұйымдастыруға мемлекеттік айыптаушылар жауапты болады.