”Күйеуі әйелін өлтіріп қойғандар хиджаб кимегеннен басталған” - әнші Ұланғасыр Қами - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Күйеуі әйелін өлтіріп қойғандар хиджаб кимегеннен басталған” - әнші Ұланғасыр Қами

”Күйеуі әйелін өлтіріп қойғандар хиджаб кимегеннен басталған” - әнші Ұланғасыр Қами

Әнші Ұланғасыр Қами болашақ жарына міндетті түрде хиджаб кигізетінін айтты.

  • 22 Шiлде
  • 14712
Screenshot

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де оқырмандарына жауап беру кезінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Күйеуі әйелін өлтіріп қойды, анау мынау дегеннің бәрі хиджаб кимегеннен басталған. Ұстаздар бұны бұрыннан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады. Одан кейін оған біреу қызығады, оны күйеуі естиді де өлтіріп қояды деген сияқты”, — деді әнші.

”Балқия” әнінің орындаушысы хиджаб киюге көнбесе оны алмайтынын айтты.

”Бұйыртса өз әйеліме хиджабты кигіземін, басқасында шатағым жоқ. Кигізе ма, шешіндіре ма шаруам жоқ. Өзімдікіне кигіземін. Бұған көнетін әйелді аламын, көнбейтін әйелді алмаймын. Оны неге кию керек екенін түсініп тұрмын, соны түсінетін әйел аламын. “Жоқ, кимеймін” десе онда мен “чао” деймін. Өйткені, санын жалтыратып ешқайда шығарғым келмейді”, — деді әнші Ұланғасыр Қами.