”Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен”: 34 жастағы әйел 5 баласымен тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 506.7
  • 593.14
-12 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен”: 34 жастағы әйел 5 баласымен тірідей жанып кетті

”Күйеуі Кореяға жұмысқа кеткен”: 34 жастағы әйел 5 баласымен тірідей жанып кетті

Қырғызстанның Ош қаласында қайғылы жағдай болды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 13, 11, 9, 6 және 2 жастағы балалары қаза тапты.

  • 24 Қазан 2025
  • 117
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ҚР ТЖМ баспасөз орталығының мәліметінше, кеше, 22 қазан күні таңғы 5:52 шамасында Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 3:30 шамасында басталғаны белгілі болды. Алапат өрт қысқа уақыт ішінде шатырға дейін таралған. Өрт сағат 6:25-те оқшауланды. Үйден 34 жастағы әйел мен 5 баланың денесі табылды.

Марқұм әйелдің күйеуі Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен екен. Дереккөздердің мәліметінше, электр пеші салдарынан үй өртке оранған.