"Күлге аунап туам ба": Танымал тележүргізуші өзіне тоқал болуға ұсыныс жасаған ауқатты азамат туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күлге аунап туам ба": Танымал тележүргізуші өзіне тоқал болуға ұсыныс жасаған ауқатты азамат туралы бар шындықты айтты

"Күлге аунап туам ба": Танымал тележүргізуші өзіне тоқал болуға ұсыныс жасаған ауқатты азамат туралы бар шындықты айтты

Танымал тележүргізуші Анна Данченко өзіне тоқал болуға ұсыныс жасайтындардың жоқ емес екенін ашық айтты.

  • 31 Шiлде
  • 811
Фото - Caravan.kz

БАҚ өкілі өзінің не себепті тұрмысқа шықпай жүргендігінің де себебін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Анна Данченко жеке өмірі туралы алып қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

«Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, “Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!” деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі “шымшып, тигізіп” жазатын сияқты. Сонда мен “Күлге аунап туам ба?”

Жоқ әлде бір жігіт айткандай: “шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсың”), ал басқасы: “сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз”.

Қазіргі жігіттердің көбі осындай) Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын кұрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын!

Ал, енді Анама катысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын!!! Ешкім тіл тигізбесін!

Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз таңдайды — сөзіне емес, ердің ісіне қарап! Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, боқтық сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау — ол менің таңдауым!

Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, куйеусіз бала тумау — ол менің таңдауым!

Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер.

Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды. Құдай қаласа, жақсы адам жолығады.

Мен ешкімге жамандық жасаған жоқпын, Алла көріп тұр, ниетіме қарай беріп жатыр барлығын, шүкір. Бақытты Ана, бақытты Жар, бақытты адам болуымды да Алла нәсіп етсін! Барлық аруларға соны тілеймін! Әмин!», — деп жазды тележүргізуші.