Желі қолданушылары арасында екі отбасы туралы түрлі оқиғалар әлі де айтылып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Естеріңізде болса, Жазира мен Жанболаттың жалғыз ұлы Қазыбектің қалауы Музарт тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтың балдызына түскен. Бүгінде Кенжебек Жанәбіловтың әйелінің тойда сөйлеген сөзі елдің қызу талқысына түскен.
«Өнер ортасы өте жауапкершілігі мол орта. Мұнда күлмесең күлмеді, сөйлемесең сөйлемеді дейді. Өсек айтсаң өсек айтты дейді, сол үшін еш нәрсеге қарама. Тек Қазыбек екеуіңнің махаббатарың бәрін жеңіп шығуы керек.
Сондықтан саған бақыт тілеймін, жолың ашық болсын. Қазыбек екеуіңе барлық нәрсені жеңі шығу үшін, естімейсің, көрмейсің, елемейсің. Мен туралы да әлі күнге дейін айтады. Кенжебектің келіншегі өзінше, бүйтіп қалған, сөйтіп қалған деп. Бірақ мен ештеңені елемеймін. Сондықтан саған да сондай ақыл айтамын», — деді ол.
Айта кетейік, наурыз күндері Жанболат пен Жазира келіндеріне сырға салып, ұзатып әкелген еді.