"Қымбатшылық бетімен кетіп барады": Мәжіліс депутаты елдегі азық-түлік бағаларына шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 529.7
  • 545.96
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қымбатшылық бетімен кетіп барады": Мәжіліс депутаты елдегі азық-түлік бағаларына шүйлікті

"Қымбатшылық бетімен кетіп барады": Мәжіліс депутаты елдегі азық-түлік бағаларына шүйлікті

Неге Үкімет баға саясатын бақылауға алмай отыр?

  • 16 Қаңтар
  • 26
Фото: ryazagro.ru

Қазақстанда күн сайын азық-түлік бағасы қымбаттап барады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев халықты қымбатшылық қысып жатқанын айтты. Айтуынша, арзан деген аты бар дүкендердің өзінде ең қажетті азық-түліктердің бағалары тым қымбаттап кеткен. Ал халықтың айлығы бір қалыпты.

«1 келі картоп 485 теңге. Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Мынау Астанадағы картоп бағасы. Ал антимонополиялық комитет жұмысы 0. Арзан деп жүрген Магнум өзінде осындай баға. Осы кезге дейін келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана», — деді депутат.

Біздің елде онсыз да орташа жалақының 52-56% тек қана азық-түлікке кетуде. Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі 59%, Мьянма (56,6%), Кения 56,1%, Бангладеш (52,7%), Лаос (50,6%) ал Ангола 49,7% жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз.

Ал АҚШ орташа айлықтың 6,7%, Сингапур халқы болса 8,4%, Британдықтар 8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс болып жатқан Ресейдің өзінде 29%, ал Украинада 41,6% екен. Сонымен қатар Беларус халқы — 32,1%, Туркменстан болса 36,9%, ал өзбектер 46,5% ақшасын азық-түлікке жаратады.

Желі қолданушылары депутатты сынға алып, шара қолдануларын талап етті.

-Азық-түлікке айлықтың 50%-ы емес, 100%-ы жетпей, бөліп төлеумен алып жатқанынан хабардар ма мына билік?

-4000 теңге пособия қосылды, қорықпаймыз бағадан.

-«Қазақстан азық-түлік бағасы бойынша ең төменгі елдердің қатарында”-дейді тағы үкімет. Қайдан білсін халықтың 90-100% айлығы сол азық-түлікке кетіп жатқанын.

-Неге экономка және сауда министрлігі баға саясатын қадағаламайды? Сауда орындары ойларына келген бағаны қояды. Неге билік тарапына шектеу жоқ? Билік басқа жақта халық басқа өмір сүрудеміз», — деп жазып жатыр халық.