Қымбатшылық қысып барады: Бір жылда электр энергиясы мен қара судың құны шарықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қымбатшылық қысып барады: Бір жылда электр энергиясы мен қара судың құны шарықтады

Қымбатшылық қысып барады: Бір жылда электр энергиясы мен қара судың құны шарықтады

Бір жылда электр энергиясы 22,9%-ға, қара судың құны 60,3%-ға, жылу бағасы 33,6%-ға өскен дейді сарапшылар.

  • 5 Қараша
  • 18
Фото: ЖИ ұсынған

Halyk Finance сарапшыларының мәлім еткеніндей, қазан айындағы инфляция 8,5%-ға жеткен. Бұл қыркүйектегі 8,3%-бен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Dala Inside телеграм арнасының мәліметінше, жыл бойындағы ең жоғары мән шілде айында байқалып, инфляция 8,7%-ға дейін көтерілген болатын.

Қазандағы инфляцияға ақылы қызметтер айтарлықтай әсер еткен. Бұл сектордағы бағаның жылдық өсімі 14,3%-ды құрап, инфляцияға 3,97 пайыздық пунктке дейін үлес қосты.

Коммуналдық қызмет, әсіресе электр энергиясы, суық су, және орталық жылытудың бағасы едәуір өскен: электр энергиясы 22,9%-ға, суық су 60,3%-ға, ал орталық жылытудың бағасы 33,6%-ға артқан.

Азық-түліктің өсімі қыркүйекпен салыстырғанда (5,1%) азайғанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,8%-ға қымбаттап инфляцияны босата түсірген.

«Ұлттық қордан қазынаға қосымша 2 трлн бөлінуі де жағдайды ушықтырып жіберді. Қаражат қыркүйек-қазан айларында экономикаға түсіп, ликвидтілікті арттыру арқылы сұранысты көтерді және инфляциялық қысым жасады. Алдағы айларда инфляцияның төмендеуі екіталай. Жыл соңына дейін 8,5% деңгейінде қалады. Осыған байланысты, Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтайды», — деп болжам жасаған екен Halyk Finance сарапшылары.

DALA FINANCE анықтамасы: Трансферттік қаражат инфляцияға қалай әсер етеді?

Ұлттық қордан бюджетке ауған ілгерідегі 2 трлн теңге экономикадағы ақша массасының өсуіне және инфляцияның қарқын алуына ықпал етеді. Басқаша айтқанда, нарықтағы ақша мен нақты тауардың тепе-теңдігі бұзылады, тауар мен қызмет бірліктері санына қарағанда ақша көбірек айналымда болады.