"Күнкөріс қамы қиындап кетті": Қайрат Нұртастың әйелі қаржылық жағдайын айтып шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.85
  • 537.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күнкөріс қамы қиындап кетті": Қайрат Нұртастың әйелі қаржылық жағдайын айтып шағымданды

"Күнкөріс қамы қиындап кетті": Қайрат Нұртастың әйелі қаржылық жағдайын айтып шағымданды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерінен айырылғаннан кейін денсаулығы да сыр бергенін айтты.

  • 29 Қаңтар
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Актрисаның айтуынша, денсаулығына байланысты жобалардан бас тартқаннан кейін күнкөрісі қиындап, қаржыдан қиындық көрген.

«Түн жарымда ауруханаға әрең жеттім…

Сот процессі әбден есеңгіретіп жіберді.

2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өттіп келемін.

Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым.

Былтыр көп жайттар анықтала бастады. Шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұрадым. Үйімді қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгіндім. Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады.

Мемлекеттік құқық қорғау органдары арызымды қарап, іс сотқа жеткенше, Дилярамен сан рет кездестік. Кездесу барысында ұяты оянып, үйімді қайтарып береді деп үміттендім. Бірақ, олай болмады. Қайта жолдасы екеуі сотта жеңіліс табатынымды ескертіп, қысым көрсетті.

Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бірақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керектігін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан апкемді шақыртып, ауруханаға жаттым.

Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады. Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтың басы ғана екен…
Дәл қазір осының бәрін есіме түсіріп, жазып отырғанымның өзі өте ауыр.
Әрі қарай келесі жолы жазайын…», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртасты «әйеліне көмек бермеді» деп сынауда.

«Қайрат балаларына үй алып бере алмаған ба», «Қайраттың Қайрат болғанынан не пайда, сендер қиналып жүрсеңдер», «Күнкөріс қиын дегенің не сөз, күйеуің қайда», «Қайраттың балалары осылай жүрсе, біз қалай күн көреміз», — деп жазды олар.