"Қырғыздар өз тілін ұмытқан, қазір қазақша сөйлеп жүр": Тарихшы қырғыздардың жұтылып кеткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қырғыздар өз тілін ұмытқан, қазір қазақша сөйлеп жүр": Тарихшы қырғыздардың жұтылып кеткенін айтты

"Қырғыздар өз тілін ұмытқан, қазір қазақша сөйлеп жүр": Тарихшы қырғыздардың жұтылып кеткенін айтты

Тарихшы Нұрқожа Бауыржанұлы қырғыз халқы туралы қызықты дерек айтты.

  • 7 Сәуiр
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тарихшының сөзіне сенсек, қырғыздар өздерінің байырғы тілін ұмытып, қазір Жетісу қазақтарының тілінде сөйлеп жүр.

«Қазір қырғыздар қазақ тілінде сөйлеп жүр. Олар өз тілін ұмытып қалған. Қазіргі Қырғызстанда тұрып жатқан қырғыздардың киіз үйі, киімі, ақ қалпағы, тамағы, барлығы қазаққа ассимиляция болып кеткеннен. Олар біз қазаққа ұқсаймыз деп неге айтады? Негізі олар бізге қатты ұқсамайтын. Нағыз қырғыздар — Енисей қырғыздары. Оларға біз Енисейден келдік деп айтқан ұнайды ғой. Қазіргі Хакасия, Енисей олардың отаны. Хакастар — нағыз қырғыздар. Қырғыздардың тілі, киімі, салт-дәстүрі, киіз үйі бәрі сол жерде. Олар мына жаққа көшіп келген кезде олар Ұлы жүздің тілінде сөйлеп, солардың киімін киіп, бүкіл дәстүрлерін сіңіріп алды. Мысалы, қазір Алматының айналасындағы Кеген деген секілді ауылдарға барсаңыз, олар қырғызшы сөйлеп жатқандай әсер аласыз. Сөзде ч әріпін көп қолданады, чарын деп сөйлейді. Негізі ол өңірдің тілі сол. Қазір біз қырғызша деп жүрген тіл — Жетісу қазақтарының тілі», — дейді ол.

Нұрқожа Бауыржанұлының бұл мәлімдемесін Tik Tok желісінде екі ел азаматтары қызу талқылауда.

«Бұл ақпаратты тарихты оқыған, көзі ашық адамдар түсінеді», «Қазақтар тарихты миф секілді айтуды қашан қояды», «Автор, сандырақтама. Қырғыздар байырғы заманнан Тянь-Шаньда өмір сүрген. Сендер ғой, кеше ғана Шыңғыс ханмен келген», «Қазақтың тарихына бар жоғы 600 жыл болса, біздің тарихқа 3000 жыл», «Бұл қазақтар тарихты білмейді екен», — деп жазды олар.