Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сөзінше, тиісті шешім елде «Жол қоры туралы» заңға әр литр отыннан 1 сом жинауды көздейтін өзгерістер күшіне енгендігімен байланысты.
«Мен автокөлік салығын толығымен алып тастауды тапсырдым және тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұл шешім «Жол қоры туралы» заңға әр литр отыннан бір сом жинауды көздейтін өзгерістердің күшіне енуіне байланысты. Көлік құралдарына салық енді алынбайды, оның орнына 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған бензиннің немесе дизельдің әр литрінен бір сом алынады», — деп жазды ол.
Сондай-ақ, Қырғызстан басшысы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөлік салығын төлемеген азаматтарға рақымшылық жасауды тапсырды. Салық төлемегендердің саны айтарлықтай көп екені белгілі болды.
«Мемлекет үшін бұл үлкен қиындықтар тудырғанына қарамастан, біз аталмыш шешімді қабылдадық. Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған заңды және жеке кәсіпкерлердің барлық қарыздарын кешірдік. (2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдегі салықтар тексерілмейді)», — деп толықтырды Қырғызстан басшысы.