Қырғызстанда Премьер-Министр отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Премьер-Министр отставкаға кетті

Қырғызстанда Премьер-Министр отставкаға кетті

Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров отставкаға кетті.

  • 16 Желтоқсан 2024
  • 4
Фото: Кабар

Бұл туралы Kazinform-ге сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай, бүгін ол министрлер кабинеті аппаратымен қоштасқан.

Министрлер Кабинетінің Telegram арнасында президент әкімшілігі қызметкерлері оны қалай шығарып салғаны туралы бейне жарияланды. 

Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетінің басшысы қызметін 2021 жылдың қазан айынан бері атқарды.

Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекеттік шекараны белгілеу жұмыстарын аяқтағаны туралы жазған едік.

Тараптар келісімге келіп, қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының қалған бөліктерін белгілеу жұмыстарын толық аяқтады. Үкіметтік делегациялардың жұмыс топтарына қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялаудың қорытынды құжаттарын рәсімдеуге көшу жөнінде тапсырма берілді.