Жемқорлардың туыстарына мемқызметте жұмыс істеуге тыйым салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлардың туыстарына мемқызметте жұмыс істеуге тыйым салынады

Жемқорлардың туыстарына мемқызметте жұмыс істеуге тыйым салынады

Қырғызстанда енді жемқор шенеуніктердің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынады.

  • 20 Қыркүйек
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазды inform.kz

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендегенімен, мемлекеттік органдарда бұл мәселе әлі де бар екенін хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қамауға алынған кейбір тұлғалардың кейде мерзімінен бұрын бостандыққа шығатынын, мұның құқық қорғау органдарын әбден шаршатқанын айтты.

— Біз жемқорларды ұстаймыз, бірақ олар қайта босатылады. Шынын айтсақ, онсыз да бұл күрестен шаршадық, — дейді ол.

Бұл жағдайға байланысты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті заң жобасын әзірлегені атап өтілді.

Оған сәйкес, жемқорлықпен айналысқан шенеуніктерге өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салынады.

— Жемқорлар айыппұлдардан құтылған соң 1-2 жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайта оралып, заңға қайшы әрекеттерін жалғастыра береді. Алайда, қазір айыппұлдың орнына нақты түрме жазасы қолданылуда, — дейді Қамшыбек Ташиев.

Сондай-ақ, жемқорлыққа жол бергендердің туыстары, оның ішінде балалары мен бауырлары мемлекеттік қызметке қабылданбауы керектігін жеткізді.

— Әйтпесе, жемқорлық өршіп кете береді. Бұдан былай бірде-бір жемқор шенеунік түрмеден қашып құтыла алмайды, оларда шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқығы жоқ. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің нөмірі бірінші жауы, — деді Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда сыбайлас жемқорлық үшін жазаны қатайтуды ұсынып жатқанын жазған едік.