Қырғызстанда жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалар қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалар қаза тапты

Қырғызстанда жойқын сел тасқынынан қазақстандық балалар қаза тапты

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін балалардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді.

  • 1 Шiлде
  • 4
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

28 маусым күні сағат 16:10–да нөсер жаңбырдың салдарынан Құлатов аймағының Әбшір-Ата ауылындағы Шаран-Сай каналы арқылы сел жүрді. Салдарынан қазақ тапқандар бар, сондай-ақ 2 көпір мен 10 электр бағанын су шайып, 30 тұрғын үй мен ауланы, балабақшаны су басқан.

Қырғызстанның Төтенше жағдай министрлігінің алдын ала берген ақпараты бойынша, қаза тапқандардың арасында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары бар. Қазіргі таңда төрт баланың денесі табылды.

Қырғызстанда қаза болған балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймақта жүрген сел шығыс қазақстандықтардың өмірін қиып кетті.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін балалардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Өңір әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған барлық қызметтердің мамандары жұмылдырылды.

Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста.

«Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында», — делінген СІМ хабарламасында.

Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды осы елдің Кабар агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, полицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр.

Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған.