Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жоба Қазақстан Республикасы тарапынан «Камышановка» өткізу пунктінің атауын «Ақсу» деп ауыстыруды көздейді.
Бұдан бөлек, «Камышановка» өткізу пунктінің жұмыс тәртібін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойына» ауыстырылады.
Сондай-ақ, «Камышановка» және «Бесағаш» өткізу пункттерінің мәртебесін «екіжақтыдан» «көпжақты халықаралық» ретінде өзгертіледі.
«Жоба Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын, сондай-ақ тауар айналымыг ұлғайту және Орталыз Азия аймағы мемлекеттерінің туристік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту бағытталған»,- делінген түсіндірмеде.
Хаттама жобасын қабылдаудан алынған нәтижелер халықаралық шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде күтіледі.