Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Марқұмның жары өзінің жан жарасы мен сағынышын өлең шумақтары арқылы жеткізген.
“Жан бөлек. Жан бөлек!!! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен”, — деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімованы жұбатып, жылы лебіздерін жазуда.
”Алла жылаған көзге жас береді. Сабыр ет, қалқам”, “Ағамыздың мәңгілің мекені жәннәт болсын. Сізге ризамыз”, “Бекем болыңыз, кіші Асекеңді аяққа тұрғызыңыз”, — деп жазды олар.
Сондай-ақ, Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театрының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Елік Нұрсұлтанұлы да желідегі парақшасында Асанәлі Әшімов туралы көпшілік біле бермейтін естелікпен бөлісті.
«Бүгін Асанәлі ағамыздың 40 күндік асы өтті… 2022-ші жылғы күнделік, қолжазбасында: «Бүгін құлағыма 88 деп сыбырлады. Оған дейін әлі 4 жылым бар екен» деп жазыпты. Арқасы бар адам ғой, жарықтық… Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Әумин» – деп жазды Елік Нұрсұлтанұлы