"Қысқа юбка киген қыздарға қарап, санын ұстап қояды": Қазақ жігіттері Кореяда қандай қылмыстары үшін жиі қудаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қысқа юбка киген қыздарға қарап, санын ұстап қояды": Қазақ жігіттері Кореяда қандай қылмыстары үшін жиі қудаланады

"Қысқа юбка киген қыздарға қарап, санын ұстап қояды": Қазақ жігіттері Кореяда қандай қылмыстары үшін жиі қудаланады

Оңтүстік Корея Республикасы президентінің Қазақстанға сапарынан кейін екі ел арасында барыс-келістің артаныны мәлім. Осы тұста Құлпынай есімді қазақ қызы Оңтүстік Кореяның қауіпті тұстарымен бөлісті.

  • 13 Маусым
  • 147
Фото - Caravan.kz

Құлпынай Оңтүстік Корея мемлекетінің тұрғыны, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сіздерге Кореяға келгенде сақ болу керек 5 оқиғаны айтайын.

Ең біріншісі — жыныстық сипаттағы қылмыстар. Жігіттерге осы сипаттағы қылмыстардан абай болыңыздар дегім келеді. Кореяда қылмыстың бұл түріне заң қатал. Көбен, сөзбен көрсеткен әрекеттеріңіздің барлығы жыныстық қылмыс болып саналады. Мысалы, сіз метро, автобус секілді қоғамдық көліктерге мініп, қысқа юбка киген қыздарды көріп, соларға 4-5 секундтан ұзақ қарап қалсаңыз, және сіздің сол көзқарасыңызды ұнатпаса, одан ол сізге бірден арыз жазып жібереді. Тағы бір мысал, асханаға тамақтануға барып, төлем жасап жатқан адамның көкірегіне 3 секундтан артық қарасаңыз, ол жұмысшыға сіздің көзқарасыңыз ұнамаса, ол сізге арыз жазып жібереді», — дейді ол.

Блогердің айтуынша, кәріс қыздардың бұл қылығынан кәріс жігіттердің өзі қорқатын көрінеді.

«Кәрістердің өзі бұл қылмыспен қудаланудан қорқады. Қыздармен қонақ үйге баратын болса, кәрістердің өзі кәріс қыздардан қорқып, алдын ала қыздың өз еркімен болып жатқанын дәлелдейтін айғақтарды жинайды. Себебі, кәрістің қыздары барғанда көңілді барып, кеткеннен кейін ақша табу мақсатында артынан арыз жазып жіберуі әбден мүмкін», — дейді ол.

Құлпынай Кореядағы қазақ жігіттерінің бұл заңнан жиі жапа шегетінін жасырмаған.

«Мен сот саласында аудармашы болғаннан кейін, дәл осы салада қазақтың біраз жігіттеріне аудармаға шыққам. Көрген кезде жүрегің ауырып кетеді. Жас болғаннан кейін клубқа барады. Сол жақта ішіп алып байқамай аяғын, санын ұстап қойғаны үшін үстерінен қылмыстық іс қозғайды. Сондықтан абай болыңыздар, бұл жақтың қыздары бәлеқор келеді. Ақша жасау мақстаныда әдейі қысқа киініп жүретіндері де көп», — дейді блогер.

Құлпынайдың айтуынша, Кореяның қауіпті тұсы мұнымен бітпейді.

«Екінші абай болатын нәрсе — төбелес. Ер балалар абай болу керек. Себебі, кәрістің жігіттері өте әлсіз келеді. Бұларды ұрып, өлтіріп қоймаңыздар. Байқасаңыздар, кәрістің қыздары да, жігіттері де ұрысқан кезде тек сөйлеп ұрысып, ұр деп тұрады. Бірақ, бірінші болып ешқашан ұрмайды. Себебі, кім бірінші ұрса, сол адам ақша төлейді. Сондықтан бұл жақта төбелес өте аз.

Үшінші абай болатын дүние — психикалық ауытқуы бар адамдар. Қазір Кореяда психикалық ауытқуы бар адамдар өте көп. Әсіресе, метро, автобус секілді қоғамдық көліктер мен көпшілік орындарда көп жүреді. Қазір Кореяда адамдарды себепсіз өлтіріп кету, ұрып кету, пышақтап кету дегендер көбейіп кетті. Ешс себепсіз пышақталып жатқан кәріс қыздары өте көп. Сондықтан өз-өздеріңізді қорғай біліңіздер.

Төртіншісі — жолда жатқан нәрсені алмау. Көшеде, жолда сөмке, алтын, ақша, телефон жатса да ұстамаңыз. Оны ұстасаңыз бәлеге қаласыз. Өйткені, Кореяда барлық жерде камера бар. Көшеде жатқан нәрсені алып, ешкімге қайтармай өзіңізге қалдырсаңыз сіз ұрлық жасау заңы бойынша қудаланып кетесіз. Алсаңыз да полиция қызметкеріне табыстау керек.

Бесіншісі — жаяу жүргіншілер жолы. Әрине, бағдаршамы бар жаяу жүргіншілерег арналған жолдың ережесі Қазақстанмен бірдей. Ал, бағдаршамы жоқтарда Кореяда адам емес, көлік бірінщі орында. Қазақстандағыдай адам бірінші жүреді деп өтіп кетсеңіз бәлеге қаласыз», — деп қорытындылады блогер.