"Қысым болғандықтан тергеуде не айтып, не қойғанымды білмеймін" - Шерзат ісіндегі айыпталушы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қысым болғандықтан тергеуде не айтып, не қойғанымды білмеймін" - Шерзат ісіндегі айыпталушы

"Қысым болғандықтан тергеуде не айтып, не қойғанымды білмеймін" - Шерзат ісіндегі айыпталушы

Шерзат ісіндегі айыпталушылардың бірі тергеуде қысым болғандықтан не айтқанын білмейтінін, есінде жоғын айтты.

  • 16 Мамыр
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қорғаушылардың бірі айыпталушыдан тергеу кезіндегі жауабын оқып берді, алайда ол өз жауабын жоққа шығарды.

«Сіз «ол кезде бәріміз жиналып менің көлігіме Абзаль, Нұрқият, Равиль және жоғарыда көрсетілген екі қыз отырды дейсіз. Абзал сізбен барды ма?», — деп қорғаушы сұрақ қойды.

Айыпталушы «Ол кезде шатасқан болу керекпін. Тергеу кезінде не айтып, не қойғанымды білген жоқпын. Абзал бізбен келмеді, көлікте болған жоқ», — деп жауап берді.

Адвокат «Бәріңіз бірдей шатасып, Абзалды қосасыздар», — деп ашуланып айыпталушыға жауап қатты.

Мемлекеттік айыптаушы да айыптаушыға өз сұрағын қойды.

«Тергеу басында сізден қаншама рет жауап алынған. Алайда сіз бірде бір рет арызданбағансыз. Басқа сотталушылар арызданған, сіз неге арызданбадыңыз? Қысым көрсетілгенін енді ғана айтып отырсыз» деп сұрақ қойды.

«Басыма пакет кигізді, үстімде жарақат болған жоқ. Дәлелдейтін айғағым болған жоқ. Ол кезде айтуға еш пайда болмады», — деді айыпталушы.