Қысым емес, қауіпсіздік: Бетті жабуға тыйым салатын заң халықты шулатып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қысым емес, қауіпсіздік: Бетті жабуға тыйым салатын заң халықты шулатып жатыр

Қысым емес, қауіпсіздік: Бетті жабуға тыйым салатын заң халықты шулатып жатыр

Қазақстанда бетті тұмшалайтын киімдерге ресми түрде тыйым салынды. 30 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бетті жабатын киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды.

  • 5 Қыркүйек
  • 17
Фото: Тасним Пердекожина / Orda.kz

Шу шығаруға себеп болған жағдай әлеуметтік желіде тарады. Алматыдағы ең танымал, әрі ірі сауда орталығы заң шеңберінде осы тыйымды қолдана бастады. Кіреберістегі есікте сурет ілінген. Онда ішке никаб киіп кіруге болмайтыны көрсетілген. Бұл сурет бірден әлемжеліде тарап, мыңдаған пікір жинады. Осы ретте Caravan.kz медиа порталы сарапшылар мен халықтың көзқарасын саралап көрді.

Алматыдағы Dostyk Plaza кешеніндегі жағдай туралы барлық сайттар жазып жатыр. Қазір қызу талқы болып жатыр. Бұл бетті тұтас жауып тұратын киіммен қоғамдық орында жүруге болмайтын заңның аясында іске асқан шара болса керек.

Никаб, пәрәнжа, бетті тұтас жабатын спорттық маска, балаклава және басқаны киюге болмайды. Бұл дінге қатысты шешім яки қысым емес, бұл қауіпсіздік мәселесіне байланысты шешім.

«Мысалы суреттегі жасыл түске назар аударсақ, онда бетті жаппайтын киіммен сауда орталығына кіруге рұқсат ететінін анық байқауға болады. Яғни, орамал тағып кіруге әлбетте тыйым жоқ», — деп жазды саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Бұл заңның қабылдануының басты мақсаты қауіпсіздік. Адамның беті ашық болуы қажет. Сонда оның ер, әйел, үлкен, кіші, қарт, егде жастағы адам екенін бірден білесің. Бұрын нақты заң жоқ сәтте, алаяқ, қашқын, босқынның бәрі бетін жауып жүретін. Енді олай болмайды. Бастысы заң нақты орындалса болды.

«Менің ойымша дәл осындай наклейкалар енді басқа да орындарда пайда бола бастайды. Сауда орындарында, тамақтану ошақтарында, спорттық кешендерде және басқа дегендей. Себебі оның бәрі қоғамдық орын. Ал қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге болмайды», — деп қосты ол.

Қазір технология дамып барады. Face ID-ге ұқсас түрлі технологиялар қоғамдық орындарға қойылып жатыр. Мектепке, жоғары оқу орнына кіру үшін арнайы сканерден өтіп барып кіресің. Біраз жерде солай. Бұл да адамның бет-жүзін тану үшін жасалған дүние. Бұл жайлы сіз не дейсіз?

Халықтың наразылығын тудырмай қоймады. Көпшілік сауда орталығының мұндай қадамын қабылдай алмады, теріс пікірлер жазып, тіпті енді аяқ баспайтынын жазып жатыр.

Төмендегі автордың жазбасынан кейін пікірталас қыза бастады.

«Алматыдағы ірі сауда орталығының бірі мұсылман әйелдерінің құқығын бұзып отыр. @dostykplaza шынымды айтсам, сөзім жоқ. Ашық түрдегі Исламофобия. Мен басқалар туралы айта алмаймын, бірақ, мен никаб кимесем де, енді мұнда бармаймын. Бұлар шектен шықты», — деп жазған ол.

Желі қолданушылары аталмыш жазбаның астына мыңдаған пікір қалдырды. Олардың барлығы жаңа түзетулерді қолдайтынын, және бұл қауіпсіздік үшін жасалғанын алға тартты. Сондай-ақ олар діннің түбіне түсіп кетпеуге, бетті тұмшаламай-ақ өз дінге берік болуға болатынын да жазып жатыр.

Перейти к новостям спорта